Ертең Йемен соғысының тұтқындарымен алмасу операциясы болады
(last modified Thu, 13 Apr 2023 13:07:48 GMT )
Сәу 13, 2023 19:07 Asia/Almaty
  • Ертең Йемен соғысының тұтқындарымен алмасу операциясы болады

Йеменің ұлттық құтқару үкіметінің тұтқындар ісі жөніндегі комитетінің басшысы: "Жұма күні 887 тұтқынмен алмасу операциясы басталады",-деп мәлімдеді.

20 наурызда Швейцарияда Йемен соғысының тұтқындары туралы келіссөздер аяқталды.

Осы келіссөзде бір операция барысында Ансаролла тарапынан 706 тұтқын, қарсы тараптан, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Судан тарапынан 181  тұтқын босатылады деп келісілді. Рамазан айынан кейін қалған келісімдерді орындау үшін тағы да келіссөз жүргізілетін болады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йеменің ұлттық құтқару үкіметінің тұтқындар ісі жөніндегі комитетінің басшысы Әбдіқадыр Мұртаза Твиттердегі жеке парақшасында: "Барлық тараптар келісілген жобаны орындауға дайын екендерін жариялағаннан кейін Халықаралық Қызыл Крест ұйымынан бізге жұма күні, сәйкесінше Рамазан айының 13 жұлдызында тұтқындармен алмасу операциясы басталатыны хабарланды",-деп жазды.

Тегтер