Насролла: Құдс күні – әлемнің Палестинамен ынтымақтастық күні
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Құдс күні – әлемнің асыл халықтарының Палестина және басып алынған Құдспен ынтымақтасатын күні екенін мәлімдеді.
Al-Ahed news сайтының хабарлауынша, Сейед Хасан Насролла Дүниежүзілік Құдс күніне орай сөйлеген сөзінде Дүниежүзілік Құдс күніндегі мұсылмандардың ынтымақтастығын Ислам дұшпандарының үрейінің себебі деп атап: «Халықаралық аренада АҚШ күші төмендеп, Парсы шығанағы аймағындағы елдер АҚШ-қа сенбейді»,- деді. Ливан Хизболласының Бас хатшысы сондай-ақ Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімнің аймаққа көптеген әсерлері барын және сионистік режиммен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруді тежейтінін айтып: «Енді дұшпандардың Американың Израиль мен Парсы шығанағындағы араб елдерінің қолдауымен Иранға қарсы соғысуына үміті үзілді»,- деп айтты. Насролла сөзін жалғастырып, басып алынған Палестинадағы оқиғалар мен Палестина халқының қарсыласуы туралы: «Қарулы қарсылық пен ерлер, әйелдер, қарт адамдар, жастар мен балалардың оқиғаға қатысуы тұрғысынан Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдстағы қарсыласу кеңістігі мен ортасының ең күшті бейнесі болып табылады»,- деді. Сейед Хасан Насролла сионистік режимге: «Иерусалимдегі, Батыс жағалаудағы, Газадағы, Ливандағы немесе Сириядағы есептерің, қадамдарыңнемесе кейбір ақымақ сезімдерің немесе әрекеттерің аймақты үлкен соғысқа апаруы мүмкін және бұл қауіпті ойын»,- деп ескертті.