Maм 12, 2023 17:05 Asia/Almaty
  • Палестина қарсыласу күштерінің басып алынған жерлерге зымырандық шабуылы салдарынан 1 израильдік қаза тапты

Сионистік режимнің ақпарат құралдары Палестина қарсыласу күштерінің басып алынған жерлерге зымырандық шабуылы салдарынан 1 израильдік қаза тауып, 7 адамның жараланғанын хабарлады.

Сейсенбі күні таңертең сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа секторына ауыр соққы жасады. Осы шабуылдарға жауап ретінде Палестинаның қарсыласу топтары сәрсенбі күні Тель-Авив пен басқа сионистік қалаларға зымыран атты.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, Палестина қарсыласу топтарының Газа секторынан сионистік қалашықтарға, әсіресе Тель-Авивтің оңтүстігіне атқан зымырандары салдарынан 1 сионист қаза тауып, 7 адам жарақат алған. Кейбіреулерінің жағдайы ауыр деп хабарланды.

Al-Jazeera ақпарат арнасының хабарлауынша, Газаның оңтүстігіндегі Ашкуль сионистік қалашығындағы тұрғын үйге зымыран түсіп, соның салдарынан 1 сионист жарақат алды. Палестина қарсыласу топтарының Газа секторының солтүстік-шығысындағы Садирот сионистік қалашығына жасаған жаңа зымырандық шабуылы салдарынан екі ғимаратқа зақым келді.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, "Сорайя әл-Құдс" зымырандық бөлімшелері мен Насер Салахаддин батальондары сионистік режим қырғи ұшақтарының шабуылына жауап ретінде Асдуд пен Аскалан сионистік қалашықтарын зымыранмен атқылады.  

Палестина исламдық джиһад қозғалысының әскери тармағы "Сорайя әл-Құдс" батальондары: "Осы қозғалыстың зымырандық бөлімшелері мен Насер Салахаддин батальондары Асдуд пен Аскалан сионистік қалашықтарына ауқымды зымырандық шабуыл жасады",-деді.

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (Хамас) да мәлімдеме таратып: "Палестина қарсыласу күштері сионистік режимнің басқыншылықтарына жауап ретінде өз шабуылдарын жалғастырады және сионистердің "Сорайя әл-Құдс" қолбасшыларына қарсы жасаған қылмысына қарымта жауап береді",-деп мәлімдеді.  

Тегтер