Америкалық басқыншылар Сирия мұнайын ұрлап жатыр
Маусым 02, 2023 19:26 Asia/Almaty
Америкалық әскерилер Сирия мұнайын ұрлауды жалғастырып жатыр. Соңғы бірнеше сағатта олар ұрланған жанар-жағармай тиелген 49 танкерді Ирактың солтүстігіндегі өз базаларына жөнелтті.
SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Сириядан ұрланған жанар-жағармай тиелген 49 америкалық жүк көлігі осы елдің шығыс аудандарынан Иракқа жөнелтілді.
Осы мәліметке сәйкес, басқыншы күштер ұрланған жанар-жағармай тиелген танкерлер мен әскери сауытты көліктерді Сирияның әл-Арабия облысындағы әл-Валид заңсыз өткелінен Ирактың солтүстігіне шығарды.