Израильде  24-ші сенбі қатарынан наразылықтар өтуде
(last modified Sun, 18 Jun 2023 11:22:20 GMT )
Маусым 18, 2023 17:22 Asia/Almaty

  Соңғы 23 апта ішінде оккупацияланған Палестинаның солтүстігінен оңтүстігіне қарай ондаған қалалар, соның ішінде Тель-Авив, Хайфа, басып алынған Құдс, Беер-Шеба, Ришон Летцион және Герцлия Нетаньяхудың әсіре оңшыл министрлер кабинетіне және сионистік режимнің сот жүйесіндегі реформаларына қарсы шерулердің сахнасы болды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, басып алынған аймақтардың тұрғындары сенбі күні 24-ші апта қатарынан сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның сот реформасы жоспарына қарсы шеру өткізді.

Сот заңының реформасы деп аталатын Нетаньяху кабинетінің жоспарында бұл режимде сот жүйесінің өкілеттіктері қысқартылып, атқарушы және заң шығарушы тармақтардың билігі мен ұстанымы күшейтіледі. Бұл жоспарды бекітуді Нетаньяху кейінге қалдырды, бірақ наразылық білдірушілер бұл жоспарды толығымен жоюды талап етуде.

 

Тегтер