Нетаньяхудың даулы жоспарына қарсы 400 мың адам шеруге шықты
Шіл 16, 2023 18:04 Asia/Almaty
1948 жылғы басып алынған аумақтардағы сот реформасы жоспарының қарсыластары сионистік режим кабинетінің осы даулы жоспарына қарсы 28-ші апта қатарынан шеруге шықты.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тель-Авивте шамамен 190 мың адам және Израильдің басқа қалаларында 200 мыңдай адам Беньямин Нетаньяху радикалды және әсіре оңшыл министрлер кабинетінің даулы сот реформасы жоспарына қарсы шеруге шықты.
Сионистік режимнің премьер-министрі қарсылықтарға қарамастан, сот реформаларын өз пайдасы үшін жүзеге асыруды талап етіп, осы қайшылықты жоспардың қарсыластарымен табанды түрде әрекет етуде.