Палестина қозғалысы: Ердоған палестиналықтардың өлтірілуіне Нетаньяхуды шақыру арқылы жауап берді
(last modified Sat, 22 Jul 2023 11:04:50 GMT )
Шіл 22, 2023 17:04 Asia/Almaty
  • Палестина қозғалысы: Ердоған палестиналықтардың өлтірілуіне Нетаньяхуды шақыру арқылы жауап берді

Палестина қозғалысыны: «Ердоған осы жылдың басынан бері 200-ден астам палестиналық азаматтың өлтірілуіне Нетаньяхуды шақыру арқылы жауап берді»,- деді.

САМА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режиммен күресу үшін «Әл-Мұқата» қозғалысы өз мәлімдемесінде осы режиммен қарым-қатынастардың кез келген ретке келтірілуін, әсіресе Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды 28 шілде жұма күні Анкараға шақыруын қатаң айыптады.

Бұл қозғалыстың мәлімдемесінде былай делінген: «Біз бұл шақырудан қатты таң қалдық, әсіресе бұл сионистік дұшпан мен қоныс аударушылар Палестина халқына қарсы жан түршігерлік қылмыстар жасап жатқан кезде. Тек биылғы жылдың басынан бері 200 палестиналық шәһид болып, ондаған үй бомбаланып, жүздеген палестиналық босқынға ұшырады».

Бұл қозғалыс Ердоғаннан Палестина халқының азабы мен жараларын елемей  жасалған бұл шақырудан бас тартуын сұрады, өйткені бұл мәселе Бейт ал-Мұқадас пен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қалалар мен басқа да басып алынған аймақтардағы сионистік режимді нығайтады.

Тегтер