Джабери Ансари: Лаңкестікті көзір ретінде пайдалану саясатының нәтижесі болмайды
(last modified Mon, 09 May 2016 16:04:30 GMT )
Maм 09, 2016 22:04 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари: Лаңкестікті көзір ретінде пайдалану саясатының нәтижесі болмайды

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы аймақ өзгерістерінде лаңкестікті көзір ретінде пайдаланудың оң нәтижесінің жоқ екендігін, кері салдарының бар екендігін айтты.

Хосейн Джабери Ансари тілшілермен өткізген апталық отырысында БҰҰ-дағы Ресей өкілінің Ирактағы жарылыстарды Түркия ұйымдастырып отыр деген мәлімдемесі туралы: «Кейбір елдердің лаңкестік топтарды қолдануы аймақтағы ешбір елге пайдалы емес, керісінше, ауыр салдарлары болады.

Теһран әрдайым өз көршілері мен аймақтағы елдерден осы мәселелерді стратегиялық қырларымен өз саясатын орнатуға және лаңкестік топтарға өз мақсаттарына жетуде табысты болуға жол бермеуді күтетіндігін мәлімдеп келеді» деді.

Ансари Иранның екі млрд доллар байлығының жағдайы туралы да: «Осы негізде құрылған мемлекеттік комитеттің шолуларының нәтижелері Иран президентіне ұсынылған. Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің отырысынан кейін мемлекеттік комитеттің шолуларының нәтижесі және атқарылған шаралар мәлімдеме түрінде ұсынылады» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Жапония үкімет басшысы Синдзо Абэнің Иранға сапары жөнінде айтқан сөзінде: «Сапардың уақыты белгілі болған кезде қоғамдық пікірге хабарланатын болады» деді.