Ливан Хизбулласының бас хатшысы: Швеция "исламға жау ел" атанудан сақтансын
Сейіт Хасан Насролла: "Егер Швеция елі діни қасиеттіліктерді қорлау саясатын жалғастырса, ислам және мұсылмандарға жау елдердің тізіміне енгізіледі",-деді.
Сейіт Хасан Насролла мұхаррам айының түндеріне арналған сөзіне Швеция үкіметінен аятолла Хаменеидің Құранды қорлауды айыптап, "исламға жау ел" деп тану туралы жолдауына көңіл аударуды сұрады.
Сейіт Хасан Насролла: "Швеция үкіметіне берер кеңесім мынау: "Исламға жау ел" атанудың қандай мағына беретінін және қандай салдарлары болатынын сұраңыздар. Ислам елдерінде, бүкіл әлемде және мұсылмандар бар кез келген жерде қандай талаптар қойылатынын біліңіздер",-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Аятолла Хаменеи бұған өте қатаң қарайды. Бұл бір қылмыскерге пәтуа шығарғаннан әлдеқайда ауыр",-деді.