Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ашура күніне орай сөз сөйледі
(last modified Sat, 29 Jul 2023 12:36:02 GMT )
Шіл 29, 2023 18:36 Asia/Almaty
  • Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ашура күніне орай сөз сөйледі

Ливан Хизбулласының бас хатшысы Бейруттің оңтүстігіндегі Захияда Ашура күніне орай сөз сөйлеп: "Құран кітабын қорлау – барша мұсылмандарға қарсы соғыс. Ливанда бүгін Ашура күні",-деді.

Сейіт Хасан Насролла: "Швеция мен Дания үкіметтері ислам үмбетінің Құран кітабын қорлатып қойып қарап отырмайтынын білсін",-деді.

Сейіт Хасан Насролла ислам елдерінің Құранды қорлауға кесімді позиция білдіруі керегін айтып: "Егер бұл елдер өз міндеттемелерін орындамаса, мұсылман жастардың өздері дін, Құран мен қасиетті құндылықтарды қорғауы тиіс",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сондай-ақ Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің келесі отырыста сионистердің әл-Ақса мешітіне үздіксіз шабуылдарына қатысты кесімді позиция білдіруі тиіс екенін айтып: "Хизбулла бар күш-қуатымен Палестина қарсыласуын қолдайды. Палестина азат етіліп, сионистік режимнің жойылуына аз қалды",-деді.  

Тегтер