Сирияда мұнай ұрлау жалғасып жатыр
(last modified Mon, 31 Jul 2023 15:00:03 GMT )
Шіл 31, 2023 21:00 Asia/Almaty
  • Сирияда мұнай ұрлау жалғасып жатыр

Америкалық басқыншылар Сирияның ұлттық қазба байлығын тонауын жалғастырып, осы елдің мұнайы құйылған 45 танкерді олжалап, Ирактың солтүстігіндегі өз базаларына жөнелтті.

Сирияның SANA ресми агенттігінің хабарлауынша, америкалық басқыншылар Сириядан Иракқа сұйық отын контрабандалағаннан кейін осы елдің мұнайын Ирактың Күрдістан өңіріндегі қара базарда сатады, ал басқа бір бөлігін өз базаларына тасымалдайды.

Осы агенттіктің хабарлауынша, бірінші керуен қозғалғаннан бірнеше сағат өтке соң тоңазытқышы бар 50 жүк көлігінен тұратын басқа бір керуен әл-Уалид заңсыз өткелінен өтіп, Иракқа бет алды.

Америкалық басқыншылар Сирияда заңсыз жүр. Олар "Сирия демократиялық күштері" деп аталатын күрд содырларымен әріптесіп, Сирияның байлығын талан-таражға салып, оның стратегиялық өнімдері, соның ішінде мұнай, бидай мен ұнын ұрлап, Сирия халқын мақрұм қалдырып жатыр.

Тегтер