Там 01, 2023 22:20 Asia/Almaty
  • Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауытының сайты кибер шабуыл салдарынан тоқтатылды

Ақпарат құралдары өткен бірнеше күнде сионистік режимнің ең ірі мұнай өңдеу зауытының сайты кибер шабуыл салдарынан тоқтатылғанын хабарлады.

"Энергетика порталының" хабарлауынша, сионистік режимнің BAZAN компаниясына тиесілі ең ірі мұнай өңдеу зауытының сайты дүйсенбі күні кибер шабуыл салдарынан тоқтатылды. Қолданушылар сайтқа кіргенде "Серверден жауап жоқ" немесе  Request Timeout деген хабарлама алған.

Бір хакерлік топ осы кибер шабуылға жауапкершілікті мойындарына алып, осы уақытқа дейін BAZAN компаниясына айтарлықтай зиян келтіргенін айтты.

Хайфа қаласында орналасқан BAZAN компаниясы жылына 13,5 млрд-тан аса доллар табыс табады, 1800-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнай өңдеу зауыты жылына шамамен 9,8 млн тонна шикі мұнай өңдейді. 

Тегтер