Тель-Авивтің өнеркәсіп ауданында жойқын жарылыс болды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i71772-Тель_Авивтің_өнеркәсіп_ауданында_жойқын_жарылыс_болды
Жергілікті ақпарат құралдары Тель-Авивтің солтүстігінде орналасқан өнеркәсіп ауданында жойқын жарылыс болғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 16, 2023 00:03 Asia/Almaty

Жергілікті ақпарат құралдары Тель-Авивтің солтүстігінде орналасқан өнеркәсіп ауданында жойқын жарылыс болғанын хабарлады.

"Шахаб" ақпарат агенттігінің сионистік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Тель-Авивтің солтүстігінде орналасқан "Рамат-ха-Шарон" өнеркәсіп ауданындағы бір зауытта жойқын жарылыс болып, кемінде 3 адам жараланды.  

Рамат-ха-Шарон ауданындағы қалашық тұрғындарынан зауытта бір қауіпті сұйықтықтың ағуы салдарынан болған жойқын жарылысқа байланысты үйлерінің есіктері мен терезелерін толық жабуға кеңес берілді. Кейбір ақпарат көздері жарылған әскери зауыт деп хабарлады.