Ирак Президенті: Арбағин рәсімі әлемді таң қалдырды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i72134-Ирак_Президенті_Арбағин_рәсімі_әлемді_таң_қалдырды
Ирак Президенті: «Ирактықтар мен имам Хұсейннің (ғ.с.) ғашықтары үлкен Арбағин шеруінде әлемді таң қалдырды",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 06, 2023 13:04 Asia/Almaty
  • Ирак Президенті: Арбағин рәсімі әлемді таң қалдырды

Ирак Президенті: «Ирактықтар мен имам Хұсейннің (ғ.с.) ғашықтары үлкен Арбағин шеруінде әлемді таң қалдырды",- деді.

ИРНА-ның сейсенбі күнгі хабары бойынша,  Абдул Латиф Рашид имам Хұсейннің (ғ.с.) Арбағині қарсаңында осы ел халқына жолдау жариялап: «Ирактықтар мен имам Хұсейннің (ғ.с.) ғашықтарының Арбағин кезінде бейнелеген ең әдемі көріністер әлемді таң қалдырды. Ирактықтардың ерекше қасиеттері болып табылатын кешірімділік, жомарттық, құрбандық әлем назарын өзіне аударды",- деп баса айтты. Бұл жолдауында Рашид имам Хұсейн (ғ.с.) Арбағині күндерінде ең таңғажайып қаһармандық дастандар мен сол шәһид имамның ұлы сабақтарын еске алатынымызға тоқталып: "Имам Хұсейн (ғ.с.) қысым көрсетуді, құқықты жоққа шығаруды және әлеуметтік әділетті бұзуды қабылдамады және өзіне сенімділікпен залым үкіметке қарсы шықты",- деді.