Израиль режимі Иранға террор жасаймыз деп сес көрсетті
(last modified Mon, 11 Sep 2023 11:25:04 GMT )
Қыр 11, 2023 17:25 Asia/Almaty
  • Израиль режимі Иранға террор жасаймыз деп сес көрсетті

Дағдарыс жағдайын бастан кешіп жатқан Израильдің уақытша әрі лаңкес режимі өзінің тыңшылық қызметі басшысының аузымен Иран басшыларына террор жасаймыз деп сес көрсетті.

Барния Герцлиядағы Рейхман университетінде өткен конференцияда сөйлеген сөзінде: "Иранның басқа қалыпта құн беретін кезі келді. Қандай қалыпта болса да, ирандықтар мен олардың уәкілдері арқылы болса да, израильдіктер мен яһудилерді азаптау Иранда, Теһранның ортасында амалдар жасауға әкеліп соқтырады",-деді.

ИИР Қорғаныс министрлігінің Ақпаратты қорғау ұйымы жуырда: "Бұл ведомство бір күрделі жоба барысында Моссадтың Иран Қорғаныс министрлігінің зымырандық өнеркәсібіне жасағысы келген өндірістік диверсиясын анықтап, залалсыздандырып, Моссадқа қатты соққы жасады. Бұл сионистердің ашу-ызасын тудырды",-деп мәлімдеді.

Сионистік режим армиясының радио тілшісінің хабарлауынша, Барния Иран армиясы мен Сақшылар корпусы қолбасшыларының суреттерін жариялап: "Бізде басқа таңдау жолы бар. Келешекте біздің азаматтарымызға тиісіп, қудалауды көздейтін элементтерді қоздыратын кез келген адамды тауып аламыз",-деді.   

Тегтер