"Ансаролла" Бас хатшысы: Бізде әртүрлі қашықтықтағы ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандар бар
Йеменнің "Ансаролла" Бас хатшысы қатты қоршауға қарамастан, елдің қарулы күштері әртүрлі қашықтықтағы зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарды жасай алғанын айтты.
Al-Masirah желісінің хабарлауынша, Сейд Абдул Малик Бадр ад-Дин әл-Хоуси кеше, бейсенбі күні кешке осы елдегі 21 қыркүйек революциясының тоғыз жылдығына орай: "21 қыркүйек революциясы Алла тағаланың халқымыз үшін мүмкін еткен ең маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады, себебі бұл революция Йемен халқын бұғаулардан азат етті",- деді.
"Ансаролла" Бас хатшысы: "Америкалықтар мен ағылшындар да Израильдің түрткісімен аймақтағы кейбір елдерді, әсіресе Сауд режимі мен БАӘ-ді ұлтқа қарсы аяусыз агрессияны бастау үшін ойынға қосты. Бұл қылмыстық агрессияда біздің он мыңдаған балаларымыз қаза тапты",- деп қуаттады.
Сейед Абдул Малик әл-Хоуси: "Қатты қоршауға қарамастан, қару-жарақ пен әскери талаптардың барлық түрін, кольттардан бастап, ракеталарға дейін жасау процесі жалғасты, бұл агрессор коалициясының мақсаттарына қарама-қайшы болды",- деп мәлімдеді.