Сионистік режимнің басшысы қоғамның бөлініп, ыдырап жатқанын тағы да мойындады
Қыр 29, 2023 22:04 Asia/Almaty
Ицхак Герцог Қазан соғысының жылдығында сионистік қалашық тұрғындарының сионистік әскерилерді кең түрде қолдағанына тоқталып: "Сол күннен жарты ғасыр өткенде Израиль қоғамы екі полюске бөлінді",-деді.
Сионистік режимнің басшысы сот реформасына қатысты қайшылықтарға тоқталып: "9 ай бойғы дағдарыс бізді ыдыратты, біздің қоғамымыз, экономикамыз бен қауіпсіздігімізге тікелей әсер етіп, бізді шынайы төтенше жағдайға әкеліп соқтырды",-деді.
Ицхак Герцог бұған дейін сионистік режимнің бұрын-соңғы болмаған дағдарысқа ұшырағанын, бұрыннан да көбірек ыдырауға жақындай түскенін мойындады.