Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен кездесті
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен кездесуінде Теһран-Бағдад арасында қауіпсіздік келісімінің толық әрі нақты орындалуын баса айтты.
Әлиакбар Ахмадиан: "Иран-Ирак қауіпсіздік келісімі – екі ел шекарасының қауіпсіздігінің кепілі және аймақты тұрақсыздандыратын факторларды жоюға қолайлы жол картасы",-деді.
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Иран мен Ирактың түрлі салалар, соның ішінде экономика саласындағы келісімдеріне тоқталып: "Екі ел қарым-қатынасын түрлі салаларда жан-жақты дамыту үшін көп мүмкіндік бар. Соларды іске қосу керек",-деді.
Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Қасым Алаарджи Ирак үкіметінің осы келісімді орындауға дайын екенін айтып: "Теһран мен Бағдад қарым-қатынасын дамытып, тереңдету үшін кез келген мұрсатты пайдалану керек",-деді.