Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i72706-Иран_Ұлттық_қауіпсіздік_кеңесінің_хатшысы_Ирактың_ұлттық_қауіпсіздік_кеңесшісімен_кездесті
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен кездесуінде Теһран-Бағдад арасында қауіпсіздік келісімінің толық әрі нақты орындалуын баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 01, 2023 19:47 Asia/Almaty
  • Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен кездесті

Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен кездесуінде Теһран-Бағдад арасында қауіпсіздік келісімінің толық әрі нақты орындалуын баса айтты.

Әлиакбар Ахмадиан: "Иран-Ирак қауіпсіздік келісімі – екі ел шекарасының қауіпсіздігінің кепілі және аймақты тұрақсыздандыратын факторларды жоюға қолайлы жол картасы",-деді.

Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Иран мен Ирактың түрлі салалар, соның ішінде экономика саласындағы келісімдеріне тоқталып: "Екі ел қарым-қатынасын түрлі салаларда жан-жақты дамыту үшін көп мүмкіндік бар. Соларды іске қосу керек",-деді.

Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Қасым Алаарджи Ирак үкіметінің осы келісімді орындауға дайын екенін айтып: "Теһран мен Бағдад қарым-қатынасын дамытып, тереңдету үшін кез келген мұрсатты пайдалану керек",-деді.