Қаз 13, 2023 22:15 Asia/Almaty
  • Израиль әуе күштері сенбіден бері Газа секторына 6000 бомба тастап, 3600 нысанды бомбалады 

Сионистік әуе күштері мәлімдемесінде cенбіден бері 6000 бомба Газа аумағына құлап, 3600 нысананы бомбалағанын мәлімдеді.

Сионистік ақпарат құралдары да осы режим армиясының Израильге жақында келген және әрқайсысының салмағы екі тонна болатын америкалық бомбалармен Газа секторын бомбалап жатқанын хабарлады. Бүгін таңертең сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа секторының әртүрлі аймақтарына, әсіресе солтүстік-батысы мен солтүстігіне ондаған ауыр шабуыл жасады. Басқыншы режим армиясының артиллериясы Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах және Хан Юнис аймақтарын да нысанаға алды.  

Газа Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторындағы шәһидтер санының 1537 адамға өскенін және 500-і балалар екенін жариялады. Тек басқыншы режимнің Газа секторына үздіксіз шабуылдары кезінде екі сағаттан аз уақыт ішінде кемінде 100 адам шәһид болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы Газада қазіргі уақытта 423 мыңнан астам адамның баспанасыз қалғанын хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да сенбіден бері Газада 11 медициналық қызметкерінің қаза тапқанына назар аударып, Газадағы медициналық жүйенің күйреу алдында тұрғанын ескертті. БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) де судың үзілуіне байланысты Газадағы кейбір адамдардың теңіз суын ішу үшін пайдалана бастағанын айтты.

 

Тегтер