Сейед Хасан Насролла: Барлық сценарийлер толығымен дайын
Ливан Хизболласының Бас хатшысы ИИР Сыртқы істер министрімен кездесуінде барлық сценарийлердің толығымен дайындалғанын баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейед Хасан Насролла Амирабдуллахианмен кездесуінде Америка мен кейбір батыс елдерінің сионистік режимнің Газаға басып кіруі мен бейкүнә Палестина халқын өлтіруіне біржақты қолдау көрсетуін айыптап: "Бүгінгі күні қарсылық жағдайы жақсы және барлық сценарийлер толығымен дайындалған",- деді.
ИИР Сыртқы істер министрі де бұл кездесуде ИИР-ның талпыныстары мен дипломатиялық қозғалыстары, түрлі елдермен және халықаралық ұйымдармен кеңесуі және сионистік режимнің әскери қылмыстарын дереу тоқтату мақсатында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің шұғыл отырысының қорытындысын шығаруды қарастыруына тоқталып, қатыгез адам қоршауын алып тастауды және Газаға халықаралық гуманитарлық көмек, соның ішінде дәрі-дәрмек, азық-түлік, отын және ауыз су жіберуді ұсынды.