Газада сионистік режим балаларды қыруда
(last modified Tue, 17 Oct 2023 14:47:01 GMT )
Қаз 17, 2023 20:47 Asia/Almaty
  •  Газада сионистік режим балаларды қыруда

Сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылдары осы бала өлтіруші режимнің қылмыстарының көлемін күн сайын арттырып отыр.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газаның оңтүстігінде орналасқан Рафах қаласының тұрғын аудандарына сионистердің шабуылдары жалғасуда және осы айуандық шабуылдың шәһидтері мен жаралылары, әсіресе балалар, Рафахтағы әл-Кувейти ауруханасына жеткізілуде. Осы есеп бойынша, Рафахтың әл-Кувейттік ауруханасына көптеген шәһидтер мен жаралылардың жеткізілуі сәбилерді де нысанаға алып отырған сионистік режимнің Газадағы қылмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Газа ауруханаларындағы шәһид болған және жараланған балалардың суреттерін көру - адам құқықтарының жаппай бұзылуының шыңы. Бұл күндері Батыстағы адам құқықтарын талап етушілер үнсіз қалып, сионистік режимнің Газадағы қылмыстарының жалғасуын бақылап отыр.

 

 

Тегтер