Тель-Авив Түркиядағы дипломаттарын қайтарып алды
(last modified Sun, 29 Oct 2023 10:12:27 GMT )
Қаз 29, 2023 16:12 Asia/Almaty
  • Тель-Авив Түркиядағы дипломаттарын қайтарып алды

Стамбұлдағы сионистік режимнің қарсыластарының үлкен жиыны мен Түркия президентінің сөзінен кейін сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Анкарадан сионистік дипломаттарды қайтарып алғанын жариялады.

 

Эли Коэн: «Бұл әрекет Тель-Авив-Анкара қарым-қатынастарын қайта бағалауға бағытталған»,- деді.

Түркия президенті өз сөзінде: «ХАМАС лаңкестік топ емес және Газада болған оқиғаларға негізінен Батыс жауапты. Сионистік режим Батыс елдерінің қолдауынсыз үш күн де ​​өмір сүре алмайды және Батыс қайраткерлері Газадағы өлтірулердің алдында керең және мылқау болып қалды. Біз сионистік режимді әлем алдында «әскери қылмыскер» деп жариялау үшін қажетті шараларды қолданып жатырмыз. Өйткені ол Газада қараңғы түнде кісі өлтіреді және оны ешкім байқамайды деп ойлайды»,- деді.

 

Тегтер