Ливан шекарасында Хизбулла мен сионистік режим армиясы арасында атыс жалғасып жатыр
Ливан мен басып алынған жерлердің шекарасында Хизбулла мен сионистік режим армиясы арасында атыс жалғасып жатыр.
Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, Ливан Хизбулласы жексенбі күні өз мәлімдемесіде: "Сионистік қалашықтардың бірінде жиналған осы режимнің әскерилерін нысанаға алдық. Шабуыл барысында дұшпан айтарлықтай шығынға ұшырады",-деді.
Сенбі күні кешке Хизбулла сионистік режимнің Ливан шекарасындағы базаларына жасаған шабуылдары түсірілген фильмді таратты. Онда әл-Бистан, әл-Джардах, әл-Эбад пен Джал-ул-Илам базалары нысанаға алынғаны көрсетілген.
Сионистік режим армиясының ақпарат өкілі зымырандық шабуыл жасалғанын растап: "Израильдің қалашықтарына жақын ауданда бір зымыран нысанаға алынды",-деп уәж айтты.