"Әл-Ақса дауылы" операциясынан кейінгі жағдайды бағалау
(last modified Sun, 26 Nov 2023 17:01:27 GMT )
Қар 26, 2023 23:01 Asia/Almaty

"Әл-Ақса дауылы" операциясынан кейін Батыс Азияда күш-қуат теңгерімі өзгерді.

  1. Израиль режимінің атысты тоқтату бітімін қабылдауы "Әл-Ақса дауылы" операциясының жалпы үдерісіне алдын ала баға беруге мүмкіндік беріп отыр. 7 қазан күнгі жеңіліс дәлелдену үстінде. Сионистік режим ауыр да болса, амалсыздан осы жеңілісті қабылдау жолын іздестіріп жатқан сыңайлы.
  2. Осы кезеңде атысты тоқтату бітімін қабылдау мынадай мағына береді: сионистік режим қазіргі әскери стратегиямен соғыстың басты мақсаты ретінде ресми түрде жариялаған ХАМАС-ты жою сияқты қиялына жетпек түгілі, салыстырмалы түрде қарапайым мақсат, мысалы тұтқындарды босатуды орындай алмайтынына көзі жетті.
  3. Қазір сионистік режим өз ойынша атысты тоқтату бітімін пайдаланып, басқа тұтқындардың шоғырланған жерін анықтау және Газа секторының оңтүстігі мен Иордан өзенінің батыс жағалауына жаңа шабуыл жасауға дайындалу үшін ХАМАС әскерилерінің қатынас жолдарын бақылап отыр. Бірақ режимнің әскери-қауіпсіздік жүйесі "соғысты жалғастыру стратегиясынан" гөрі "соғыстан шығу жолын" іздестіруде.
  4. 40 күннен аса соғыс Газада ХАМАС-ты жою мақсатының шынайы әскери мақсат емес, бос саяси қиял екенін көрсетті. Израиль армиясы бірінші күні шешім эмоция негізінде қабылданғанын, орасан зор қаржы жұмсалса да, оны орындау мүмкін емес екенін түсінді. Режим Газа жерінде шарасыз қалды.
  5. Сионистік режим Газаға кіргелі бері өзінің бронды техникасының 10 пайызынан айырылды. Голани бригадасының жүздеген сарбазы қаза тапты. Газа қаласының қоршауын қамтамасыз ету үшін сарбаздармен толықтыра алмады. Қаланы босатуда сәтсіздікке ұшырады. Қарсыласу күштерінің бірде-бір туннелі мен штаб-пәтерін анықтай алмады. Бұл яғни мүлде ештеңе істей алмады деген сөз.
  6. "Әл-Шифа" ауруханасына шабуыл Газадағы ХАМАС мәселесінің әскери жолмен шешілмейтінін көрсетті. Сионистік режим ауруханадан ХАМАС-тың басқару бөлмесін анықтаймыз, тұтқындарды босатамыз, олардың барлық туннельдері мен вентиляциялық жүйесін анықтаймыз деп ойлады. Іс жүзінде ауруханада 7 қазан күнінің көлеміндей тосын жағдайға ұшырады.
  7. Енді сионистік режим соғысты орташа мерзімде басқару жолын іздестіруде. Израильдің қақтығыстарды тоқтатуға дайын екенін білдіретін аз-маз куәлер бар. Шын мәнінде бұрын-соңғы болмаған тығырыққа ұшырады. Олар соғыстың нәтиже бермейтінін біле тұра, оны жалғастыруға мәжбүр болып отыр.
  8. Газадан тысқары жерде қарсыласу күштері АҚШ-қа қақтығыстар аясы кеңеюі мүмкін деп сес көрсетті. Газада мұсылмандардың намысы тапталып жатқанда америкалықтардың жаны қауіпсіз болмайды. Қарсыласу күштері Газа секторында сионистік режимге тығырық тудырумен қоса, АҚШ үшін Батыс Азия аймағын қауіпті етті.
  9. Иракта исламдық қарсыласу топтары басып алынған жерлерді тікелей нысанаға алды. Бұл – бұрын-соңғы болмаған қауіпсіздік теңгерімі. АҚШ-тың бағалауына керісінше, бұл амалдар Иракта саяси бірлік пен толық қоғамдық қолдауға ие болды.
  10. Сирия қарсыласу күштерінің АҚШ-қа шабуылдарының басты ошағы болып отыр. Кейбір бағалауларға керісінше, Сирия қарсыласу өзегінде өте маңызды рөл ойнайды және Израильге қарсы майданның қақ ортасында орналасқан.
  11. Йемен қолға түспейтін әрі ырыққа көнбейтін жаңа дамыған күш ретінде саяси сахнаға шықты. Йеменнен тікелей Израильге шабуыл жасау осы режиммен алыстан тиімді тепе-теңдік қалыптасқанын білдіреді. Теңізді бақылауға алу сионистік режимнің күре тамырын кесу, яғни теңіз саудасын тоқтатуда үлкен қадам жасау болып саналады.
  12. Ливанда сейіт Хасан Насролла күрделілік пен парасатты шарықтау шыңына жеткізді. Ол қарсыласу өзегінің ұжымдық санасының өскенін көрсетті. "Күшке күшпен жауап беру" саясатын аймақтық деңгейге шығарды.
  13. Бұлардың бәрі бір тарапта. Сионистік режимнің басты қорқынышы мынада: Ол басып алынған жерлерге қарсы жан-жақты әскери соққылардың созылмалы сипат алуынан, соғыс аяқталса да, шабуылдардың жалғасатынынан қорқады. АҚШ пен Израиль осы соғыстың салдарынан аймақта қалыптасқан қауіпсіздік теңгерімінің маңыздылығын көп ұзамай түсінеді.
  14. АҚШ сайлау өтетін 2024 жылға аяқ басқаннан кейін Газа соғысына қатысты шешім қабылдауға мәжбүр болады. Бірақ оған тиімді шешім жолы жоқ. АҚШ-тың ойынша, соғыс аяқталғаннан кейін Нетаньяху биліктен кетуі керек, Фатх Газадағы биікті қолға алып, ХАМАС-тың үні өшуі тиіс. Біріншісінен басқа екі мақсаттың орындалуы екіталай.
  15. Нәтижесінде Байден аймақта жоғалтқан барлық нәрселерінің кегін Нетаньяхудан алуға мәжбүр болуы ықтимал. Яғни өте ауыр дау басталады. Бұл АҚШ-тың президенттік сайлауында айқын көрініс табады.    

Сарапшы: Мехди Мұхаммади

Тегтер