Газадағы атысты тоқтату келісімі тағы екі күнге ұзартылды
ХАМАС пен Катар Сыртқы істер министрлігі бұрынғыдай шарттармен Газадағы атысты тоқтату келісімін тағы екі күнге ұзартқанын хабарлады.
Reuters ақпарат агенттігі Мысыр қайраткерлеріне сілтеме жасап: «Атысты тоқтату келісімін екі күнге ұзарту 20 сионистік тұтқын мен 60 палестиналық тұтқынды босатуды қамтиды»,- деп жариялады.
Газа секторындағы гуманитарлық атысты тоқтату ХАМАС пен сионистік режим арасындағы келісімнен кейін жұма күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де басталып, 4 күн бойы жалғасты. Атысты тоқтату келісімінен кейін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 117 палестиналық тұтқын мен 58 тұтқын, оның ішінде 39 сионистік қарсыласу күштері тарапынан босатылды. Бүгін, дүйсенбіде екі жақтан тұтқындардың төртінші тобы босатылды.