Әли әл-Қахум: Американың Израиль режимінің кемелерін қорғау әрекеті сәтсіз аяқталды
Ансаролла қозғалысының саяси кеңсесінің мүшесі "Йемен күштерінің операциясы Палестина мен Газаға қолдау көрсету теңдігіне үлкен әсер етіп, күштер арақатынасын өзгертіп, Американы, Батысты және сионистерді таң қалдырды",- деп баса айтты.
Ансаролла қозғалысының саяси кеңсесінің мүшесі Әли әл-Қахум: "Американың Йеменге қарсы дұшпандық әрекеті жалғасуда. Америка Сананың Газаға қолдау көрсетуіне жауап ретінде Йеменді нысанаға алуды және бұл елге қарсы қылмыстық ұстанымын жалғастыруда. АҚШ-тың Қызыл теңіздегі израильдік кемелерді қорғау әрекеттері сәтсіз аяқталды және бұл мәселе израильдіктерді кемелерінің бағытын өзгерту шешім қабылдауға мәжбүрледі. Йемен халықаралық заңдар мен халықаралық кеме қатынасын ұстанады және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады және бізге бұл тұрғыда Америка мен Израильдің қатысуы қажет емес",- деді.