Әл-Джалилде қатер дабылы қағылды
Сионистік режимнің ақпарат құралдары Ливан Хизбулласының басып алынған Палестинаның солтүстігіне тағы зымырандық шабуыл жасағанын хабарлады.
Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, осы шабуыл салдарынан Әл-Джалилдің түрлі аудандарында қатер дабылы қағылды.
Сионистік режимнің радиосы Ливаннан ұшырылған 8 зымыран анықталып, оның екеуінің нысанаға тигенін хабарлады. Ливан шекарасына жақын басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі Малут және Кфар-врадим сионистік қалашықтарында да қатер дабылы қағылды
Ливан Хизбулласы кеше: "Исламдық қарсыласу күштері Газа секторындағы Палестина халқына қолдау ретінде жексенбі күні 15:00-де Кфар-Шуба төбелеріндегі Забдин және Руйсат ул-Алам әскери позициялары мен басып алынған Саба алқаптарын "Баркан" зымырандарымен нысанаға алып, дөп тиді",-деп хабарлады.
"Әл-Ахбар" газеті жуырда: "Ливан Хизбулласы ерекше тактика қолдана бастады. Дұшпанның бұған қарсы тұруға қауқары жоқ",-деп жазды.