Газа Денсаулық сақтау министрлігінің соғыста қаза тапқандар туралы статистикасы
(last modified Mon, 18 Dec 2023 10:34:45 GMT )
Жел 18, 2023 16:34 Asia/Almaty
  • Газа Денсаулық сақтау министрлігінің соғыста қаза тапқандар туралы статистикасы

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Газа соғысында қаза тапқандардың 70 пайызы – әйелдер мен балалар",-деп хабарлады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Рамалладан хабарлауы бойынша, 7 қазан мен 15 желтоқсан арасында сионистік режимнің қолынан қаза тапқан 18800 адамның 70 пайызы – әйелдер мен балалар.  

CNN ақпарат арнасының хабарлауынша, Газа соғысында қаза тапқандар арасында 300-ден аса медицина қызметкері, 86 тілші, БҰҰ-ның 135 қызметкері, қала әкімшілігінің 35 қызметкері бар.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Газа соғысында 51100 адам жараланды. Ондаған адам санақтан тыс қалуы ықтимал",-деді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі: "Газадағы 36 аурухананың сегізден бірі ғана жартылай жұмыс істеп тұр. Стационар бөлімдері 206 пайызға, арнайы күтім бөлімдері 250 пайызға толы",-деп мәлімдеді.