Ирактың қарсыласу тобы Эйлат айлағына дронмен шабуыл жасағанын хабарлады
(last modified Mon, 01 Jan 2024 12:26:54 GMT )
Қаң 01, 2024 18:26 Asia/Almaty
  • Ирактың қарсыласу тобы Эйлат айлағына дронмен шабуыл жасағанын хабарлады

Ирактың қарсыласу тобы басып алынған жерлердегі Эйлат айлағына дронмен шабуыл жасағанын хабарлады.

Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, Ирактың исламдық қарсыласу тобы: "Біз палестиналық бауырларға қолдау ретінде басып алынған жерлердегі Эйлат айлағын нысанаға алдық",-деді.  

Мысырдың "әл-Қаһере әл-Ахбария" арнасы сенбі күні басып алынған Палестинаның оңтүстігіндегі Эйлат айлағының үстінен жерсеріктен түсірілген суреттерді жариялап: "Бұл айлақта бірде-бір кеме жоқ",-деп хабарлады.

Йемен армиясы бұдан бұрын екі мәлімдемеде: "Палестина халқы мен қарсыласу күштеріне қолдау ретінде израильдік кемелер мен басып алынған жерлерге бет алған кез келген кемеге Қызыл теңіз бен Баб әл-Мандеб бұғазынан өтуге рұқсат бермейміз",-деді.

Тегтер