Тулкарамда сионистік сарбаздардың жолында жарылыс болды
(last modified Tue, 09 Jan 2024 10:37:57 GMT )
Қаң 09, 2024 16:37 Asia/Almaty

Палестина ақпарат құралдары сейсенбі күні таңертең Тулкарамдағы басқыншылар жолында қарсыласу күштерінің қолдан жасалған жарылғыш затты жаппай жарып жіберген суреттерін жариялады.

 

 

 

Палестиналық ақпарат құралдары сейсенбі күні таңертең сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Тулкарам қаласына жаңадан шабуыл жасағанын хабарлады. Қарсыласу жауынгерлері мен палестиналық жастар да олармен қақтығысып, оқ жаудырған және қолдан жасалған бомбалармен басқыншыларды нысанаға алды.

«Әл-Маядин» желісінің тілшісі сионистік көмекші күштердің Тулкарамдағы босқындар лагеріне шабуыл жасап жатқанын айтып, басқыншылардың бульдозерлері де осы аймақтағы инфрақұрылымдарды қиратуға кіріскенін хабарлады.

«Түлкарам батальоны»   қарсыласу тобы да мәлімдемесінде: «Бүгіннен бастап келесі ескертуге дейін барлық батальондарымыз бен топтарымыз үшін кең ауқымды операция басталғанын жариялаймыз» деді.