Басып алынған жерлерде Нетаньяхуға қарсы ауқымды шеру өтті
Сенбі күні мыңдаған адам басып алынған жерлерде шеру өткізіп, Нетаньяхуды премьер-министрліктен алып тастауды талап етті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хайфа қаласында мыңдаған адам наразылық акциясын өткізіп, шұғыл түрде сайлау өткізіп, Беньямин Нетаньяхуды премьер-министрліктен алып тастауды талап етті.
Тель-Авивте де үкіметке қарсы шерулер өтті. Шерушілер тұтқындармен алмасу туралы шұғыл түрде келісімге қол қойып, сионистік тұтқындарды Газадан қайтаруды талап етті.
ХАМАС мүшелерінің көбі Газада соғыс толық тоқтатылмайынша, Израиль режимімен сионистік тұтқындарды босату туралы келіссөз өткізбейтінін жариялады.
ХАМАС сондай-ақ: "Израиль басшылары палестиналық тұтқындарды босатпай, тек келіссөз арқылы ешқашан өз тұтқындарына қол жеткізе алмайды",-деп баса айтты.