Maм 16, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • «Некбат» күні палестиналықтар  шеруге шықты

Израиль режимінің құрылуының жылдығы «Некбат» (тауқімет, бақытсыздық) күніне байланысты Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы және 1948-ші жылы жаулап алынған жерлерде өмір сүретін палестиналық тұрғындар шеру өткізіп, Палестинаның мақсаттары мен армандарын және өз елдерінің егемендігін қорғайтындықтарын қуаттады.

«Пресс ТВ»-дің Палестинаның баспасөз орталығының хабарларына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Некбат» күні шеруге шыққандар израильдік әскерилермен қақтығысты. Шерушілер Палестинаның туымен бірге палестиналық босқындардың 1948-ші жылғы жерлеріне оралуын талап ететін плакаттар ұстап жүрді.

Осы салада «Некбат» күнінің 67-ші жылдығының ұлттық комитетінің басшысы Закария Алаға палестиналық босқындардың үйлері мен отанына қайту құқықтарын және Палестина халқының дағдарысы мен мәселелерін шешуді қуаттады. «Некбат» күнінің 67-ші жылдығының ұлттық комитетінің басшысы Палестинаның тағдырын анықтау мақсатында Палестинаның ұлттық бірлігін қорғау және орталығы Құдста орналасатын палестиналық тәуелсіз үкімет құрып, израилдіктердің саясаттары мен қатыгездіктеріне қарсыласу қажеттілігін қуаттады.

1948-ші жылы Израиль режимі құрылған соң және соған байланысты орын алған соғыс салдарынан жүздеген мың палестиналық өз отандарынан кетіп, босқынға айналды.

Тегтер