Газада тағы бір тілші шәһид болды
(last modified Wed, 07 Feb 2024 14:25:39 GMT )
Ақп 07, 2024 20:25 Asia/Almaty
  • Газада тағы бір тілші шәһид болды

Ақпарат көздері сейсенбі күні кешке палестиналық ақпарат құралдарының тілшісі әрі директоры Ризк әл-Гарабалидің сионистік дұшпанның Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юниске жасаған шабуылында қаза тапқанын хабарлады.

 

Осы тілшінің шәһид болуымен Газадағы соғыс басталған 7 қазаннан бері ақпарат құралдарының шәһидтерінің саны 123 адамға жетті.

Газада орналасқан Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі сейсенбі күні сионистік режимнің Газада өткен тәулікте 12 кісі өлтіру жасап, онда 107 палестиналық шәһид болып, 143-і жараланғанын хабарлады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі қазанның 7-інен бері "әл-Ақса дауылы" шайқасымен бір мезгілде Газада 27 685 палестиналық шәһид болып, 66 978 адам жараланғанын хабарлаған жағдайда, сионистік режимнің Газадағы әскери басқыншылығы жалғасуда.