Иранның жоғары соты: Террористерге қатысты құжаттар Ирак басшыларына тапсырылды
Иран жоғары сотының төрағасы: "ИИР террористерге қатысты осы уақытқа дейін жиналған құжаттардың басым бөлігін Ирак басшыларына тапсырды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи Бағдатқа сапарында Ирактың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Қасым әл-Араджимен кездесуінде Ирак пен Иранға жамандық тілеушілер екі елдің қауіпсіздік келісімінің орындалмауын қалайтынын айтып: "Ирак тарапы екі ел арасында қабылданған қауіпсіздік келісімін толық орындауға күш салады",-деп үміт білдірді.
Мохсени Ежеи: "Иран мен Ирак арасындағы ынтымақтастыққа арқа сүйей отырып, барлық террористерді ұстап, екі ел арасындағы қауіпсіздік келісімі негізінде тиісті шаралар атқарамыз деп үміттенемін",-деді.
Иран жоғары сотының төрағасы: "Егер басқа да құжаттар қажет болса, тез арада Ирак басшыларына беруге дайынбыз",-деді.