Ақп 16, 2024 14:55 Asia/Almaty
  • Израильдің қырғи ұшақтары Рафахтың солтүстігіне шабуылдады

Израильдің қырғи ұшақтары бейсенбі күні кешке Рафахтың солтүстігіндегі бірнеше ауданды бомбалап, соның салдарынан 7 адам қаза тапты.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бейсенбі күні кешке сионистік режимнің Газа секторының ортасындағы Насират лагеріне жасаған әуе шабуылында кемінде 12 адам қаза тапты.

"Әл-Ақса шәһидтері" ауруханасы басшыларының айтуынша, қаза болғандар арасында 10 әйел мен 2 бала бар.  

Al-Mayadeen арнасы Израиль қырғи ұшақтарының бейсенбі күні кешке Рафахтың солтүстік-шығысындағы бірнеше ауданға шабуыл жасағанын хабарлады.

Al-Jazeera тілшісінің айтуынша, Израиль қырғи ұшақтарының Рафахтың солтүстігінде орналасқан ән-Наср қалашығындағы үйлерді бомбалауы салдарынан кемінде 7 адам қаза тапты.

Сондай-ақ Израиль әскерилері Рафахтың ортасындағы Шабура лагеріне шабуыл жасады. Газаның солтүстігі мен орталық бөлігінен 1,3 млн босқын Рафахқа көшіп келген жағдайда сионистік режим осы қаланы бомбалап жатыр.  

Тегтер