АҚШ өзінің Ирактағы болуын ақтау үшін қандай қатыгез амалды қолданады?
(last modified Wed, 20 Mar 2024 13:39:38 GMT )
Нау 20, 2024 19:39 Asia/Almaty
  • АҚШ өзінің Ирактағы болуын ақтау үшін қандай қатыгез амалды қолданады?

Ирактағы қоғамдық пікір ДАИШ-тің бұл елдегі қозғалысының артуы Американың Ирактағы басқыншылық қатысуын жалғастыру жоспарының нәтижесі деп санайды.


Ирак пен Америка билігі арасындағы ресми келісімге қарамастан, Вашингтон осы уақытқа дейін Ирак парламентінің барлық шетелдік күштерді елден шығаруды талап ететін қарарын орындаудан бас тартты.

Американың Ирактағы күштерінің болуы үшін ең жақсы сылтау - Ирактағы ДАИШ элементтерімен күресу. Осы себепті Ирак халқы мен сарапшылары ДАИШ лаңкестік тобының қатысы бар бұл елдегі соңғы лаңкестік әрекеттер мен жарылыстарды Американың жоспарлы жұмысы деп санайды. АҚШ ДАИШ-ті сылтауратып, Ирактағы күштерін шығарғысы келмейді.  

Ирак сарапшысы  Казем әл-Хадж Иракта лаңкестік элементтер американдық әскерилердің бұйрығымен әрекет  ететінін баса айтып: "Ирактағы лаңкестікке қатысты барлық қауіпсіздік қатерлері шетелдік күштердің, әсіресе америкалықтардың бұл елден кетуімен аяқталады",- деді. Ол Иракта орналасқан америкалық күштерді басқыншылар деп атап: "Бұл басқыншылар Америка мен Ирактағы сионистік режиммен байланысты тыңшылық топтарын орналастырды",- деді.

Ирак шиіттерін үйлестіру ұйымының мүшесі Джабар әл-Маамори америкалық лаңкес сарбаздардың Ирактағы күдікті қимылдары туралы ескертті: "Вашингтонның Ирактың қауіпсіздік өлшеміндегі жағымсыз рөлі, Американың лаңкестік топтарға қолдау көрсетуі және бұл елдің Ирактың саяси аренасына айқын араласуы барлығына мәлім".

 

Тегтер