Иран қарсыласу өзегі мен адам құқығын қолдауда көш бастап тұр
(last modified Sat, 23 Mar 2024 11:49:23 GMT )
Нау 23, 2024 17:49 Asia/Almaty
  • Иран қарсыласу өзегі мен адам құқығын қолдауда көш бастап тұр

Ливан Мәдениет министрінің кеңесшісі Иранды қарсыласу өзегі мен адам құқығын қолдауда көшбасшы ел деп атады.

Ливан Мәдениет министрінің кеңесшісі Рони Альфа бейсенбі күні 31-ші "Құран Кәрім" халықаралық көрмесі аясында Иранды қарсыласу өзегі мен адам құқығын қолдауда көшбасшы ел деп атап: "ИИР шетелдік басқыншылықтарға қарамастан, ислам үмбетін қолдауда маңызды рөл атқара алды",-деді.

Ливан Мәдениет министрінің кеңесшісі Иранды мақтай келіп, барлық топтарға Газа мен Ливанның оңтүстігіндегі қарсыласу өзегін қолдау үшін бірігуге кеңес берді.

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні жаңа жылдың бірінші күнінде Иран халқының түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен кездесуінде аймақтағы үлкен залым, яғни сионистік режимді жою керегін айтып: "Біз ислам, адамгершілік пен ұждан джиһадына қосылған кез келген адамды қолдаймыз әрі оған көмектесеміз",-деді.

 

Тегтер