Maм 17, 2016 21:32 Asia/Almaty
  • Кувейтте Йеменге қатысты келіссөздер нәтижесіз аяқталды

Йемен бейбітшілік келіссөздері еш нәтижеге қол жеткізбестен аяқталды.

«Almayadeen» телеарнасының хабарлауынша, Йемен бейбітшілік келіссөзінде йемендік делегация жалпы шешім жолына қол жеткізу және ымыраны тұрақтандыру мәселесін шешудің кіріспесі ретінде саяси келісім қағидасына өзінің беректігін қуаттады.

Йеменнің отставкадағы президенті Абд-Раббу Мансур Хадидің атынан қатысқан делегация да сенім қалыптастыру бағытында қаруларды тапсыру және қалалардан кері шегіну сияқты шаралар қолдануды талап етті.

БҰҰ бас хатшысының Йемен ісі жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валад әш- Шейх Ахмад та Абд Раббе Мансур Хади мен оның үкіметінің билікке қайтуы ұсынысын талқылағанымен Сана делегациясының қарсылығына тап болды.

Осыдан бес күн бұрын Кувейтте басталған Йемен бейбітшілік келіссөздері дүйсенбі күні кешке аяқталды.

Сауд Арабиясы бірнеше араб елімен бірігіп АҚШ- тың қолдауымен Абд-Раббу Мансур Хадидің отставкадағы үкіметін қолдау желеуімен 2015 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін әуе шабуылдарын жасап, шетелдік жалдамалы күштер әкеліп, Йеменді жан- жақты қоршап алу арқылы осы елге әскери араласуды бастады. Осы шаралардың салдарынан қазірге дейін мыңдаған йемендік өлген немесе жараланған.

Тегтер