Мақсаты - жақындасу мен бейбітшілік / Шәһид Раисидің дипломатиялық әрекеттері
"Әл-Джазира" желісі өз есебінде былай деп жариялады: "Бүгін Палестина қарсыласуы ең үлкен қолдаушыларының бірін жоғалтты, әсіресе осы қиын кезеңде".
«Әл-Джазира» бір мақаласында ИИР Президенті аятолла Раиси, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан және олармен бірге болған делегацияның тікұшақ апатының ауыр оқиғасында шәһид болуына сілтеме жасап, былай жеп жазды: «Иранның солтүстік-батысында тікұшақ апатына ұшыраған президент Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианға және олармен бірге болған барлық адамдарға Алла рақым етсін. Палестина қарсыласуы бүгін өзінің ең үлкен қолдаушыларының бірін жоғалтты, әсіресе белсенді және тиімді қолдаушыларды қажет ететін қазіргі қиын кезеңде. Әрине, бұл азапты оқиғадан кейін Иран үкіметі жақсы әрекет етіп, мәлімдеме жариялап, елдің басқаруында болмашы кемшілік немесе мәселе болмайтынын және Иранның абырой мен мақтаныш жолында шаршамай жүруін жалғастыратынын қуаттады".
"Әл-Джазира" осы мақаласының жалғасында аятолла Сейед Ибрахим Раисидің Иранның көрші елдермен қарым-қатынасын жақсартудағы маңызды рөліне назар аударып: "Раиси мырзаның көршілес елдермен араздық отын сөндіруге көп күш жұмсап, араб елдерімен барлық деңгейде бітімге келу үдерісін маңызды санағанын айта кеткен жөн. Ол Сауд Арабиясымен тарихи бітім орнату арқылы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы ұзақ мерзімді шиеленісті тоқтатты. Сондай-ақ ол Оманның арағайындығымен Египетпен қарым-қатынасты қалпына келтіруге және соңғы қырық жыл бойы тоқырау мен шиеленіске ұшыраған бұл елмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге бет бұрды. Аятолла Раиси Алжирмен де ынтымақтастықты тереңдету арқылы басқа Африка елдерімен қарым-қатынасты кеңейту үшін үлкен дарбаза ашты. Бұл әрекет БАӘ, Бахрейн және Судан да қосылған ымыраға келу келісімдеріне сәйкес Израиль 2020 жылы Африкадағы Мағриб елімен қарым-қатынасын қалыпқа келтірген кезде орын алды. Сондай-ақ, Иранның көрші елдермен қарым-қатынасын реформалау үдерісі президенттік кезінде араб елдерімен ғана шектеліп қалмай, оған Пәкістан, Ауғанстан, Түркия кіреді".
"Әл-Джазира" өз есебінде: "Иран Сыртқы істер министрлігі мен оның пәкістандық әріптесі екі елдің ортақ шекараларындағы лаңкестік қозғалыстардан туындаған дағдарысты тез арада болдырмауға тырысты және Пәкістан мен Иранның қарым-қатынастары шиеленісе түскен жағдайда, марқұм Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан Пәкістанға барып, қайшылықтарды тоқтатты",- деп мәлімдеді.
Бұл Катар арнасы одан әрі Иран мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың аятолла Раиси президенттігі кезінде жақсарғанына назар аударып, былай деп хабарлады: "АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына қарамастан біз Анкара мен Теһранның барлық салаларда экономикалық ынтымақтастығы артқанын байқадық және екі жақ саяси ортақтықтарды нығайтуға көп күш салды. Әсіресе Палестина қарсыласуын қолдау саласында Иран мен Түркия ортақ ұстанымдар қабылдады және екі елдің президенттері бұл мәселеге тоқталып, Палестинаның қарсыласу қайраткерлерімен, соның ішінде ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиямен кездесулер өткізді. Олар Палестинаға қатты қолдау көрсетті. Бұл мәселе ХАМАС-ты қылмыскер етіп көрсетуге тырысқан АҚШ үкіметі үшін үлкен сынақ".
Есептің соңында: " Сіз Иранға қарсы позицияны қалағаныңызша ұстай аласыз, бірақ маған айтыңызшы, қазіргі қиын жағдайда қарсыласуды қолдайтын Иранның дауысынан да қатты дауыс бар ма? Аллаһ тақуаларға мейіріміне бөлесін.
(Mehr ақпараттық агенттігінен)