Ирак астанасында лаңкестік жарылыстағы адам шығынының саны артты
(last modified Wed, 18 May 2016 08:41:02 GMT )
Maм 18, 2016 14:41 Asia/Almaty
  • Ирак астанасында лаңкестік жарылыстағы адам шығынының  саны артты

Ирак астанасы Бағдатта орын алған лаңкестік жарылыстарда қаза болғандардың саны шамамен 70 адамға жетті.

Rusiya Al-Yaum телеарнасының мәліметі бойынша, сейсенбі күні Бағдаттың әртүрлі аймақтарында орын алған төрт лаңкестік шабуылда шамамен 70 мың адам қаза болып, 100 адам жарақат алды.

Бағдаттағы әрекеттердің қолбасшысы бірінші жарылыстың Бағдаттың солтүстігіндегі әш-Шааб аймағындағы базарда бір әйел тарапынан іске асырылғанын мәлімдеді.

«Рейтер» агенттігі Ирактың дәрігерлік дереккөздеріне сілтеме жасап: «Бірінші жарылыста шамамен 40 адам қаза болып, 70 адам жарақат алды»,- деп хабарлады.

Екінші жарылыс Бағдаттың оңтүстігінде орналасқан әр-Рашид аймағының әл-Замбароне ауылында бомбамен жабдықталған көлік жарылысы салдарынан орын алып, 10 адамның өліп, 20-ға жуық адамның жаралануына соқтырды.

Екі жарылыстан кейін орын алған үшінші жарылыс Бағдаттың шығысындағы әс-Садр қалашығында бомбамен жабдықталған көлік жарылысынан орын алып, 20 адамның қаза болып, 25 адамның жаралануына себеп болды. Төртінші лаңкестік жарылыс Бағдаттың шығысындағы әл-Амин аймағында іске асырылды.

ДАИШ лаңкестік тобы Бағдаттағы жарылыстардың жауапкершілігін өз мойнына алды.

Тегтер