Бағдадтағы лаңкестік жарылыстарға Иран реакция білдірді
Иран ислам республикасы СІМ- нің ақпарат хатшысы Ирактың астанасы Бағдадтағы лаңкестік жарылыстарды айыптады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабери Ансари Бағдадтағы кешегі лаңкестік қимылдарға көрсеткен реакциясында: «Лаңкестікке қарсы күресте Ирак пен Сирияға қолдау көрсету әлемдік қауіпсіздікке қолдау көрсету болып табылады» деді.
Джабери Ансари Ирак үкіметі мен халқына және зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, лаңкестердің Ирак азаматтарына қарсы қылмыстық шараларын олардың дәрменсіздігінен және шайқас майдандарында қайта-қайта жеңіліске ұшырауынан туындап отыр деп: «Лаңкестер өз сәтсіздіктерінің орнын толтыру үшін кез-келген мұрсатты Ирак халқы, үкіметі, армиясы және халықтық күштерінен кек алу үшін пайдаланады» деді.
Кеше сейсенбі күні Ирак астанасы Бағдадтың түрлі аймақтарында бірнеше лаңкестік жарылыс орын алып, соның салдарынан шамамен 75 адам қаза болып, 110- нан астам кісі жараланды.