Маусым 12, 2024 21:13 Asia/Almaty
  • Йемендегі америкалық және израильдік тыңшылық желісі табылып, жойылғаннан кейін хуситтердің алғашқы реакциясы

Ансаролла бас хатшысы сейіт Абдул Малик Бадр ад-Дин әл-Хоуси сейсенбі күні түнде Йемендегі америкалық және израильдік барлау желісінің жойылуын құттықтап: "Бұл желінің жойылуы үлкен әрі маңызды жеңіс болып саналады",- деді.

Йемен халқын құттықтаған әл-Хоуси бұл жетістіктің маңыздылығына тоқталды. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, ол былай деп қосты: "Бұл желі Американың елдердің егемендігін бұзатын жойқын және қастандық сипатын әшкереледі".

Йемен Ансаролласының Бас хатшысы: "Америка дипломатиялық әрекет атын жамылып, кейбір БҰҰ немесе халықаралық мекемелерге қиянат жасауда. Америка-Израиль шпиондық желісі бірнеше ондаған жылдар бойы жау атынан ресми және бейресми мекемелерде тыңшылық және диверсиялық рөл атқарды. Америкалық-израильдік барлау желісі ОББ-мен тікелей байланыста болды",- деді.

 

 

 

Тегтер