Маусым 17, 2024 22:05 Asia/Almaty
  • Сионистік әскери қызметкер Израиль армиясында әскери тәртіптің бұзылғанын әшкере етті

Израильдің жоғары дәрежелі әскери қызметкерінің мойындауынша, сионистік режим армиясы Газа секторындағы соғысты жалғастыруға дайын емес.

Израильдің Газа секторына шабуылдары ұзарған сайын бұл режимнің Палестина қарсыласуына қарсы соғысты жалғастыра алмайтынының  айғақтары айқындала түсуде.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік әскери қызметкер режим армиясының әлсірегеніне тоқталып: "Біздің әскерлер атыс алаңындағы үйректер сияқты шатырларда, терезелердің жанында және үйлердің ішінде қозғалады",-деді.

Сионистік әскери қызметкер: "Газада Израиль әскери керуендеріне ешқандай қолдау көрсетілмейді. Кейбір деректерге қарағанда, Израиль Газадағы соғысты жалғастыруға дайын емес",-деді.

Бұдан бұрынырақ  Кнессеттің мүшесі Одид Борер сионистік режимнің Газа соғысын басқарудағы сәтсіздігіне тоқталып: "Әлсіз де сәтсіз басқару бізді ең нашар стратегиялық жағдайға әкелді. Бұрын мұндай жағдайды көрген емеспіз",-деп мойындады.

Израильдің 12-ші арнасы ХАМАС-тың жетістіктеріне тоқталып: "Бұл қозғалыс Газа секторында өзін қалпына келтіре алды",-деп мойындады.

Тегтер