Қаз 06, 2024 17:04 Asia/Almaty
  • Газадағы балалардың басы жоқ денелері

Сионистік режим жауынгерлерінің өткен сағаттардағы Газа секторына жасаған шабуылдары палестиналық балалардың бассыз денелерінің қалуы мен осы аймақтағы мүгедектердің шәһид болуына себеп болды.

Газа секторындағы "Әл-Ақса шәһидтері" ауруханасының баспасөз хатшысы Халил Дахран балалардың басы жоқ денелерінің осы ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Әл-Ақса шәһидтері" ауруханасының ақпарат хатшысы: "Бұл бассыз балалар сионистік режимнің аурухана маңындағы палестиналық босқындардың баспанасына айналған мешітке жасаған аяусыз шабуылының құрбандары",- деп хабарлады.

"Әл-Маядин" тілшісі де сионистік режимнің Газа секторының солтүстігінде орналасқан Джабалия лагеріндегі палестиналықтардың үйлерін бомбалағанын хабарлады.

Бұл хабарда осы айуандық шабуылда шәһид болғандар арасында мүгедек палестиналықтардың да бар екені атап көрсетілді.

2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Израиль режимі Газа секторында қорғансыз Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 41 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 96 мыңнан астамы жараланған.

Тегтер