66 миллиард доллар - Израиль режимінің Газа мен Ливанға қарсы соғыс шығыны
ParsТoday - Америкалық басылым сионистік режимнің Батыс Азия аймағындағы соғыс ашуының шығындарын талқылады.
Американың Foreign Policy басылымы өз есебінде сионистік режимнің Газа мен Ливанға қарсы соғыс жүргізу шығындарының 66 миллиард долларға бағаланғанын жазды. ParsТoday хабарлауынша, бұл американдық басылым: "Газа мен Ливандағы соғыс шығыны Израильдің ішкі жалпы өнімінің 12 пайызына тең деп есептелінеді",- деп жариялады.
Американың Foreign Policy басылымының есебіне сәйкес, сионистік режим үшін Газадағы соғысты қаржыландырудың осы жылдың тамыз айына дейін тікелей шығыны 100 миллиард шекелді (26,3 миллиард доллар) құрады.
Осы америкалық басылымның есебінде "биыл Израильдің ішкі жалпы өнімге қарызы 67%-ға жетті" деп көрсетілді.