Ливандағы Хизболланың жаңа бас хатшысын сайлаудың маңыздылығы мен салдары
(last modified Fri, 01 Nov 2024 15:54:54 GMT )
Қар 01, 2024 21:54 Asia/Almaty
  • Ливандағы Хизболланың жаңа бас хатшысын сайлаудың маңыздылығы мен салдары

ParsToday – Сейед Хасан Насролла шәһид болғаннан кейін бір айдан кейін Ливан Хизболласы шейх Наим Қасымды Хизболланың жаңа бас хатшысы етіп таңдағанын жариялады.

Сейед Хасан Насролла 27 қыркүйекте сионистік режимнің Ливанның оңтүстігіндегі лаңкестік әрекеті  салдарынан шәһид болды. Осы қылмыстан 33 күннен кейін Ливан Хизболласының бас хатшысы қызметіне бұрын Сейед Хасан Насролланың орынбасары болған 70 жастағы шейх Наим Қасым сайланды. Шейх Наим Қасымның Ливандағы Хизболланың жаңа Бас хатшысы болып сайлануы бірнеше аспектілерде маңызды, бұл туралы ParsToday мақаласында талқыланады:

Бірінші аспект - шейх Наим Қасым екі қозғалыста, яғни Амал және Хизболла топтарын ұйымдастыру жұмыстарына қастықан. Ол Амал қозғалысының құрылуына да, Ливанда Хизболланың құрылуына да үлес қосқан адамдардың бірі. Бұл маңызды ұйымдастырушылық қасиет шейх Наим Қасымды Ливан Хыизболласының құрылымдық және әскери күшін қайта анықтауға қабілетті етеді.Хасан Ибрахим, жазушы және саясаттанушы: «Бұл таңдау шейх Наим Қасымның болмысына байланысты жасалды. Шейх Наим Қасым – тақуа және ұйымдық салаларда белсенді және салмақты әрі күшті тұлға»,- деді.

Шейх Наим Қасымның Ливандағы Хизболланың жаңа бас хатшысы болып сайлануының маңыздылығының екінші аспектісі - бұл сионистік режимнің қылмыстарына қарамастан және Ливандағы Хизболланың көптеген қолбасшылары мен жетекшілерінің өлтірілуіне қарамастан, бұл қозғалыс әлі де серпінді және өзінің күрескер әрі харизматикалық жетекшісі Сейед Хасан Насролланың өлтірілуінен айыққанын көрсетеді.  Бас хатшының сайлануы  Хизболла мен оның Жоғарғы кеңесінің үйлесімділігі мен дәйектілігін көрсетеді.  

Шейх Наим Қасымды Ливан Хизболласының жаңа бас хатшысы етіп таңдаудың маңыздылығының үшінші аспектісі – бұл қозғалыстың сионистік режимге қарсы күресін жалғастырып, осы режиммен күресуді өзінің маңызды қағидаларының бірі ретінде көрсетуі.

Шейх Наим Қасымның тұлғасы және оның 30 жылдан астам Ливандағы Хизболланың бас хатшысының орынбасары болған тәжірибесі, сондай-ақ 1993, 1996, 2000 және 2006 жылдардағы төрт соғысқа қатысу тәжірибесі Хизболланың соғыс кезінде шейх Наим Қасымның бас хатшысы кезінде Құдстың басқыншы режимімен күресте Сейед Хасан Насролланың жолын жалғастыруда және қарсыласу осінде белсенді рөл атқарады.

Қорытынды мәселе, сионистік режим осы қозғалыстың жетекшілері мен қолбасшыларын өлтіріп жатқан жағдайда шейх Наим Қасемнің Ливандағы Хизболланың жаңа Бас хатшысы болып сайлануы  Хизболла басшылары мен қолбасшыларының сионистік режимнің қылмыстары мен лаңкестіктерінен қорықпай, саналы түрде Алла және шәһид болу жолын таңдайтынын көрсетеді. Бұл сионистік режим түсіне алмайтын негізгі мәселе және ол басшыларды өлтіру арқылы Ливан Хизболласының немесе басқа қарсыласу топтарының күйреуіне себеп болады деген жалған түсінікке негізделген.

Тегтер