Яхья Сари: Израиль кемелері меншік құқығын өзгерту арқылы жазаланады
ParsТoday – Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы: «Біздің ақпаратымыз сионистік кеме қатынасының кейбір компанияларының өз үлестерін немесе мүліктерін басқа кеме компанияларына сатқанын немесе оларды басқа атаулармен тіркегенін көрсетеді»,- деп хабарлады.
Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари жексенбі күні кешкі мәлімдемеде: «Сионистік режимге қатысы бар көлік компанияларының үлестерін басқа компанияларға немесе тараптарға беру Йеменнің осы компаниялар мен кемелерге қарсы жазалау шараларына ешқандай әсер етпейді»,- деп жариялады.
Parstoday-дің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Яхья Сари былай деп қосты: «Бұл әрекет Йемен қарулы күштерінің осы кемелерге немесе компанияларға қарсы жазалау шараларын алдау және айналып өту үшін жасалды».
Сари: «Йемен қарулы күштері бұл кемелердің иелігіндегі бұл өзгерістерді немесе сионистік режим кемелерінің туының өзгеруін мойындамайды және осы режимнің компаниялары мен кемелерімен кез келген ынтымақтастықтан сақтандырады. Өйткені олар жазалау шараларына бағытталған және олардың Йемен қарулы күштерінің операция аймағынан өтуіне тыйым салынған»,- деді.
Ол сөзін былай деап жалғады: «Сионистік режим Газа секторы мен Ливанға шабуылдарын тоқтатқанға дейін Йемен қарулы күштері дұшпанның теңіз қоршауын және осы режимнің кемелеріне немесе басып алынған жерлерге қарай бет алған кемелеріне шабуылдарын жалғастырады».
Өткен бір жылда Газада әл-Ақса дауылының операциясы басталғаннан кейін Йемен армиясы Палестина ұлтының қарсыласуын қолдап, Құдсты басып алған режимге тиесілі немесе басып алынған жерлерге баратын кемелерді Қызыл теңіз бен Баб әл-Мандаб бұғазындағы нысанаға алды.
Йемен армиясының күштері сионистік режим Газа секторы мен Ливанға шабуылдарын тоқтатпайынша, осы режимнің кемелеріне немесе басып алынған жерлерге қарай бет алған кемелеріне шабуылдарын жалғастыратынына уәде берді.