Израиль қауіпсіздік басшылары Иранға қарсы ұзаққа созылатын соғыстан қорқады
ParsToday - Сионистік режимнің әскери қолбасшыларының бірі: «Бұл режимнің қауіпсіздік басшылары Иранның зымырандық және қорғаныс жүйесінің құдіретін мойындап, ИИР-на қарсы ұзаққа созылған соғыстан қорқатынын» мойындады.
ParsToday-дің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, сионистік режимнің әскери қолбасшыларының бірі ИИР-ның қорғаныс күшіне тоқталып: «Бұл елдің әуе-қорғаныс жүйелері өте әсерлі және әуе қорғанысына қарсы зымырандар ату жоғары әлуетке ие»,- деді.Сионистік режимнің бұл әскери басшысы сонымен Иранның зымырандар ату, радарлар жүйесі мүмкіндіктерін мойындап: «Иран ай сайын ондаған жетілдірілген баллистикалық зымырандар шығаруды көздеп отыр»,- деп мәлімдеді.Ол: «Сионистік режимнің қауіпсіздік басшылары Иран халқының құдіретінен хабардар болып, дипломатиясыз бұл елге қарсы ұзаққа созылған соғыстан қорқады.
13 маусым таңертең сионистік режимнің Теһранға және елдің басқа бірнеше қаласына жасаған шабуылында Иранның бірқатар әскери қолбасшылары, ғалымдары және қарапайым азаматтары шәһид болды.Сионистік режимнің бұл қылмысынан кейін Ислам революциясының жетекшісі телеарна жолдауында «Иранның қарулы күштерінің сионистік режимді дәрменсіз ететінін» баса айтты.
ИИР сионистік режимнің жабайы шабуылына жауап ретінде 13 маусым кешке басып алынған жерлерге (Израильге) қарсы ондаған зымырандар атып, «Шын уәде 3» операциясын бастады. Сионистік режимнің басқыншылығын жалғастыруына байланысты «Шын уәде 3» операциясының келесі кезеңдері іске асырылды. Майданнан келіп түскен хабарлар, бейнелер мен барлау мәліметтер ондаған зымыранның стратегиялық нысандарға тигенін көрсетеді.