Газада гуманитарлық көмек күткен 23 палестиналық шәһид болды
ParsToday - Израиль әскерінің Газа халқына қарсы жасаған соңғы қылмыстарында тағы 23 палестиналықты шәһид болды.
ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Израильдің Газа секторының орталығындағы Нетзарим бақылау-өткізу пункті маңында гуманитарлық көмек алу үшін күтіп тұрған бір топ палестиналықтарға жасаған шабуылында 23-тен астам адам шәһид болып, бірқатары жараланған.
Басқа жақтан Палестинаның «Маа» ақпарат агенттігі «Израиль армиясының Газа қаласының оңтүстігіндегі Сабра ауданындағы бір үйге жасаған шабуылында да бірнеше палестиналық шәһид болып, бірнеше адам жараланды.
Осы хабарға қарағанда Израиль армиясының артиллериясы Газа қаласының шығысындағы аймақтарды нысанаға алды, әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.
Израиль әуе күштері де Газа қаласындағы бір жерге шабуыл жасады, әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.
Басқа жақтан Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні Израиль армиясының бұл секторға жасаған шабуылдарында шәһид санының 55 998-ге жеткенін жариялады.